2021 жылғы 23 ақпан күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК құқық қорғау органдары өкілдерінің бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.
Есіл аудандық прокуратурасының прокуроры Болат Манас Маратұлы және Есіл ауданы ПБ полиция аға лейтенанты С.И.Моор «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Әңгімелесу барысында прокуратура қызметкері жастардың құқыққа қарсы мінез-құлқының алдын алу (студенттік ортада), Интернет желісінде қылмыстың алдын алу, бұзақылық және бөтен мүлікті иемдену мәселелерін айтты. Сонымен қатар, Манас Маратұлы студенттер жасаған ең көп таралған құқық бұзушылықтар туралы айтып, өзінің жұмыс практикасынан мысалдар келтірді.

Есіл ауданы ПБ полиция аға лейтенанты С.И.Моор студенттерді Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалатын және оған кепілдік берілетін жеке адамның конституциялық құқықтарымен таныстырды. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікке тартылу мүмкін. Адамгершілікке, жыныстық еркіндігіне қол сұғатын қылмыстар қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейіне ие. Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың жолы қатаң қаралады, бұл туралы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік шараларының қатаңдатылуы куәландырады.

Кездесуде есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ есірткі және психоактивті заттарды пайдаланудың әлеуметтік және құқықтық аспектілері баяндалды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.